Түркістанда кіші электр станциясына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

3 Қазан, 2013 17:32
Инвестициялық бағдарламаға сай, қазіргі уақытта «Түркістан» кіші станциясына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары арқылы электр мен қамтамасыз ету сенімділігі артып, халықты апатты жағдайлардан, сөніп қалу мен шамадан тыс берілуден сақтайды, деп хабарлайды ОҚО баспасөз қызметі.

«Қазіргі таңда трансформаторлар ауыстырылып, коммутациялық аппараттар заманауи қондырғылармен алмастырылып жатыр. Бұл өз кезегінде халықтың орта және шағын кәсіппен айналысуына көмегін тигізеді», - дейді «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС техникалық директоры орынбасары Серік Нұрбеков.

Сонымен қатар, аталмыш қондырғылардың алмастырылуы апаттық жағдайлар мен халықтың тұтынуында пайдасын тигізбек.

Айта кету керек, орнатылып жатқан трансформаторлар қазақстандық кәсіпкерлік – Кентау трансформатор зауытың өнімі.

Барлық жаңалықтар