Қазақстанда 60,5 млрд теңгенің 10 300 нысаны жария етілді - Қаржы министрлігі

12 Ақпан, 2015 11:36
Қазақстанда 2015 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша 60,5 млрд теңгенің 10 300 нысаны жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

«Ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша ҚР аумағындағы мүліктерді жария ету бойынша жергілікті атқару органдарының жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 155,8 млрд. теңгеде 19 167 мүлікті жария етуге өтініш түсті», - делінген хабарламада.

ҚР аумағынан тыс жерлердегі мүліктерді жария ету бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 108,7 млн. теңге сомасында 2 өтініш түскен, екі объекті де жария етілді.

Екінші деңгейдегі банктер бойынша жалпы сомасы 9,9 млрд. теңгеде ақшаны жария етуге 55 жинақ шоты ашылды.

Айта кетейік, жария ету Қазақстанда 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын болады.

Барлық жаңалықтар