- Басты
- Жаңалықтар
- Путраджаяда Малайзияның АҚИҰ-ға қосылу мәселесі талқыланды – ҚР СІМ
Путраджаяда Малайзияның АҚИҰ-ға қосылу мәселесі талқыланды – ҚР СІМ
Қазақстандық дипломат Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИЫҰ) қамқорлығымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қызметіне Куала-Лумпурдың қосылуы қос тарапқа аграрлық-азық-түлік саласындағы екіжақты қарым-қатынастарына жаңа мүмкіндіктер тудырып, ИЫҰ кеңістігіндегі және бүкіл әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелердің шешімі болар еді деген пікір білдірді.
«Осы орайда Малайзияның АШМ басшылығы 2015 жылдың 13-15 сәуірінде Астана қаласында өтуі жоспарланған АҚИҰ-ның Бас Ассамблеясына және Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылшаруашылықты дамыту жөніндегі ИЫҰ-ның Министрлер конференциясына қатысуға шақырылды», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде А.Рахман малайзиялық тараптың АҚИҰ қызметіне қызығушылық танытқанын атап өтіп, Астанада өтетін аталған іс-шараларға Куала-Лумпурдың қатысуы АҚИҰ-ға қатысты нақты өз орнын анықтауда пайдасын тигізетінін, аграрлық саладағы екі жақты қарым-қатынасқа жаңаша серпін берерін жеткізді.
Сондай-ақ, тараптар 2014 жылғы 22-24 мамырда Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Разактың Астанаға ресми сапарының қорытындысы бойынша қабылданған Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы бірлескен Мәлімдемесінде болашағы бар бағыттар қатарына жатқызылған Қазақстан-Малайзия арасындағы ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз