Мәжіліс бағалау қызметі туралы заң жобасын мақұлдады

11 Ақпан, 2015 17:51
Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Халық қалаулылары «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Заң жобасы міндетті бағалау тек қана мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, сенімгерлік басқаруға не жалға (кейіннен сатып алу құқығымен жалға) беру үшін, сондай-ақ неке келісім-шарттарын жасасу және мүліктің құны туралы дау туындаған жағдайда, ажырасушы ерлі-зайыптылардың осы мүлкін тараптардың біреуінің немесе екі тараптың да талап етуі бойынша бөлу, салық салынатын базаны есептеу туралы дау туындаған жағдайда, салықтардың төлену дұрыстығын бақылау мақсатында бағалау обьектілеріне бағалау жүргізу жағдайларында жүргізілетіні туралы нормамен толықтырылды.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттарына, тұрақты комитеттер мен заңнама бөлімінен келіп түскен барлық ескертпелер мен ұсыныстар қарастырылып, талқыланған.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Қазақстан мен Мажарстан арасындағы  сотталған адамдарды  беру, сондай-ақ, ұстап беру туралы шарттарды ратификациялау туралы бірқатар жаңа заң жобалары жұмысқа қабылданды.

 

Барлық жаңалықтар