- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі кеңсесі ашылды
Алматыда ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі кеңсесі ашылды
«Мұндай кеңсенің ашылуы Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді Қазақстанда дағдыландыруға мүмкіндік береді. Бірлесе атқарып отырған жұмыс нәтижесінде: денсаулық сақтаудың бастапқы буынының қолжетімділігі мен сапасы, әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары үшін, алдын алу бағдарламаларының тиімділігін арттыру, жұқпалы емес аурулардың туындау қаупінің белгілі факторларымен күресті күшейтуге қол жеткізілуі тиіс», - делінген хабарламада.
Жаңа құрылым медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі ұсыныстарды тек Қазақстанда емес, ДДҰ бүкіл Еуропа аймағы үшін әзірлеумен, зерттеумен, өңдеумен айналысатын болады.
Медициналық санитариялық алғашқы көмек (МСАК) бойынша алғашқы кеңсе ДДҰ атқарушы директорының шешімімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен елімізде ашылды. Осылайша, Алматы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріндегі МСАК жөніндегі орталығына айналады.Алматығы Кеңсе ғаламдық деңгейде де, әлемнің 54 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін де денсаулық сақтаудың бастапқы буынын дамыту саласында жетекші рөл атқаратын болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі