- Басты
- Жаңалықтар
- Астана студенттері «Ардагер» акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетуде (Фото)
Астана студенттері «Ардагер» акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетуде (Фото)
Жастар Александр Бибичевтің үйіне барып, денсаулығын тексеріп қайтты.
Александр Семенович Бабичев 1921 жылы 4 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген. 1941 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылған. Александр Семенович Чехословакияға дейін соғыс жолын жүріп өтті. Майданда ардагер қатардағы минометшыдан Екінші украиналық майданның 12-ші гвардиялық минометтық ротаның командиріне дейін көтерілді. Ардагер Курск, Украина, Румыния, Чехословакия жерлерінде жауға қарсы шабуылдарға қатысты. Александр Бабичев үшін Ұлы Отан соғысы Братислава қаласында аяқталды.
Ұлы Отан соғысының ардагері қан майданды кешіп өтсе де әлі күш-қуатын жоғалтпаған. Осы орайды пайдаланып кейіпкеріміз өскелең ұрпаққа өзінің ақжарма тілектерін айтты.
«Жастарды өз Отандарын сүюге шақырамын. Әрбір ер азамат өз Отанын қорғау керек. Бүгінде шет елдерге оқуға кетіп жатқан жастар елге қайтып оралып, мемлекетіміздің өркендеп, дамуына сүбелі үлестерін қосса деп тілеймін», - дейді ол.
Сондай-ақ, 92 жасар Иван Афанасьевич Заиченко студенттердің келгеніне қуанды. Ардагердің денсаулығы емін-еркін орын ауыстыруға мүмкіндіәк бермейді. Екі сағат қас-қағым сәтте өтті, студенттер үй шаруасына көмектесіп, студенттік өмірдің қызықты оқиғаларын айтты.
Басқарма хабарлағандай, бұл ең алдымен, қарттарға көңіл бөліп, үнемі қамқорлық көрсетуге бағытталған акциялар. Қаржылай шығын болмайтын, бірақ рухани, психологиялық және тәрбиелік мәні бар іс-шаралар.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті