• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы емханаларының персоналы медициналық көмек көрсету бойынша еуропалық тәжірибені меңгереді

Алматы емханаларының персоналы медициналық көмек көрсету бойынша еуропалық тәжірибені меңгереді

12 Ақпан, 2015 08:52
Алматы қаласында ағымдағы жылдан бастап 2015-2017 жылдарға есептелген алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру және патронаждық қызметті реформалау бойынша пилоттық жоба іске қосылады.

Жобаның мақсаты: еураполық тәжірибе бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру және патронаждық қызметті реформалау арқылы тиімділігін арттыру, деп хабарлады ҚазМҮБУ.

Бүгінгі таңда ҚазМҮББУ Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасымен бірге №17 МЕ және №5 МЕ пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастап кетті.  «Ынтымақтастық аясынды біріншіден емхананың кадрлық резерві сараланады. Сонымен қатар, қолданыстағы еуропалық стандарттар құжатына алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен патронаждық қызметтің сәйкестігі бағаланады. Бұл жұмыста JAMK университетінен (Финляндия), Данди университетінен (Ұлыбритания) және ЮНИСЕФ-тен келген шетелдік мамандар көмектесуде», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының, ҚазМҮБУ-дың өкілдері мен шетелден келген мамандар үш жыл бойы алматылық емханаларда бірлесіп жұмыс істейтін болады. Дәрігерлерді жалпы тәжірибедегі жұмысына, медбикелердің жұмысына және патроназ қызметін реформалауға үлкен көңіл бөлінеді.

Осылайша, уақыт өте келе қалалық емханаларда еуропалық стандарттарға сай медициналық көмек көрсетілетін болады. 

Барлық жаңалықтар