Ақмола облысында ҚХА Жылы аясында «Мейірім» акциясы өтті

11 Ақпан, 2015 18:07
Степногорск қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы аясында «Мейірім» акциясы өтті.

«Ақмола Медиа Орталығы» хабарлағандай, қайырымдылық акциясы  көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді. Балалардың өнер үйінде көпбалалы отбасыларға сыйлықтар табысталды.

Қала әкімнің орынбасары Эльмира Салықова көпбалалы отбасыларға ұрпақтарына үлгілі тәрбие беріп отырғандары үшін алғыс айтты. Олар ертең «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асуына үлес қосады. «Жеңісіміз бен мақсатымызға жету – елдің болашағы, отбасы құндылығы. Алғысқа мектеппен қоса, спортқа, музыка мен өнерге көңіл бөлетіндер ерекше ие. Өзінің күші мен қуатының арқасында елдің және отбасының мақтанышына айналған ұрпақ мақтауға тұрарлық», - деді ол.

Оның айтуынша, қалада қайырымдылық шарамен 50 аз қамтылған отбасы қамтылған. «Бұнымен акция аяқталмайды, қолғабыс шаралары одан әрі жалғасын табатын болады», - деді Э.Салықова. 

Барлық жаңалықтар