• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәтібұлақ полигонында танк биатлоны бойынша жарысқа дайындық жұмыстары басталды (Фото)

Мәтібұлақ полигонында танк биатлоны бойынша жарысқа дайындық жұмыстары басталды (Фото)

11 Ақпан, 2015 20:42
«Отар» әскери базасының Мәтібұлақ полигонында 21450 әскери бөлімінің танк экипаждары оқ ату жаттығуларына кірісті. Онда Т-72 танкісімен оқ ату және әскери техниканы жүргізу шаралары өтеді.

Танк биатлонына даярлық шеңберінде танк бөлімшелері далалық шығу жағдайларында ату даярлығы мен жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша сабақтарын өткізеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Мәскеу түбіндегі Алабино полигонында өткен тұңғыш танк биатлоны бойынша халықаралық жарысында қазақстандық әскери қызметшілер командасы Беларусь және Армения танк экипаждарынан кейінгі екінші орынды иеленген болатын.

Ағымдағы жылы биатлон бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында және жеңімпаздар қатарына ену үшін, экипаждың әрбір мүшесі өзінің практикалық біліктіліктерін, атап айтқанда жүргізуші-механиктер – танкімен түрлі кедергілері бар жолдардан өту, нысанашы – көрінген және қозғалмалы нысанаға бірінші болып барынша дәлдікпен ату, танк командирлері – НСВТ зеңбірегінен жоғары дәлдікпен оқ ату  біліктіліктерін жаттықтыруда. Танк қару-жарағынан ату мен жауынгерлік техникаларды жүргізуден басқа, экипаж құрамы дене даярлығымен де айналысуда.

Танк биатлонына даярлық барысында 21450 әскери бөлімінің 3-ші танк батальонында 2-ші взводтың 9-шы танк ротасы взвод командирі лейтенант Т.Дошановтың жетекшілігімен  9 танк взводының ішінде ең жоғарғы көрсеткіштерді көрсетті. Танк биатлоны сайыстың бір түрі ретінде кейінгі уақытта құрылып, көпшіліктің көзайымына айнылды. Атап айтқанда, халықаралық жарыстардың қатысушылары  марш жасап, жер үсті және су кедергілерінен өтіп, 900-2200 м қашықтықтағы түрлі нысаналарды белгілі бір қару-жарақпен атады.


 

Барлық жаңалықтар