• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да «Қазмырыш» ЖШС мен отандық тауар өндірушілер арасында 8 меморандумға қол қойылды

ШҚО-да «Қазмырыш» ЖШС мен отандық тауар өндірушілер арасында 8 меморандумға қол қойылды

11 Ақпан, 2015 17:32
ШҚО «Қазақстанда жасалған» тақырыбында өткізілген пікірлесу алаңы барысында «Қазмырыш» ЖШС мен отандық тауар өндірушілер арасында құны 51 млрд. теңгені құрайтын 8 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Диалогтық алаңға ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтов, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму КДҚ» АҚ өкілдері, кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында сөз бастаған Ш. Бұқтұғұтов өңірдегі кәсіпорындардың тұтынатын қызметі мен тауар үлесінде қазақстандық құрамды көбейтудің маңыздылығына тоқталды.

«Отандық тауар өндірушілермен серіктестікті күшейткелі отырған «Қазмырыш» ЖШС облысымыздағы 4 моноқаламен 19 млрд. теңгелік меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі күні де аталмыш  кәсіпорын тауар және қызмет түрін тұтынуда отандық тауар өндірушілерге бет бұрып отыр. Екі жақты серіктестік жергілікті кәсіпкерлердің жұмысына тың серпін бере отырып, қазақстандық құрамды ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Ш. Бұқтұғұтов.

Жиын соңында «Қазмырыш» ЖШС мен отандық тауар өндіруші компаниялар – «Уралэнергоцветмет» ЖШС, «Rating» ЖШС, «Синетик» ЖШС сынды бірқатар компаниялармен құны 51 млрд. теңгені құрайтын 8 меморандумға қол қойды.

 

Барлық жаңалықтар