Бавария Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – ҚР СІМ

11 Ақпан, 2015 17:13
Баварияға жұмыс сапары шеңберінде ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов Мюнхен қаласында мемлекеттік, іскерлік және ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшыларымен келісөздер жүргізді.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Баварияның Еуропалық мәселелер және аймақтық ынтымақтастық сұрақтар бойынша Статс-хатшысы Беата Меркпен Қазақстан мен Баварияның өңіраралық ынтымақтастығын кеңейту және сауда-эконономиқалық қарым-қатынастарын тереңдету жөнінде мәселелер талқыланды.

Аталған тақырыптар Елшінің баварлық Сауда-өнеркәсіптік палатасының Президенті Франк Доллендорфпен және «Messe München» компанияның басшысы Клаус Дитрихпен кездесулері барысында өз жалғасын тапты.

Қазақстандық дипломат «Нұрлы Жол – Болашаққа жол» ҚР жаңа экономикалық саясаттың ережелерімен және инвестициялық қызығушылықты арттыру бойынша Қазақстанда атқарылатын шаралармен бавар бизнес топтарын таныстырды.

« Неміс тарапы Астанадағы «ЭКСПО-2017» қатысуға қызығушылық білдіріп, үстіміздегі жылы бавар фирмаларының Қазақстандағы мүмкіндіктеріне арналған Мюнхен қаласында бірлескен Экономикалық форумды өткізуді ұсынды», - деп хабарлады министрлік.

Мюнхен қаласындағы Ifo-Institut Экономикалық зерттеулер институтынның Президенті Ханс-Вернером Зинмен өткен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендіру және әлем экономикасының дамуын болжау мен баға беру бойынша өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Қазақстандық дипломат неміс ғалымын Елбасының G-Global бастамасының негізгі ережелерімен таныстырды және оны Астаналық экономикалық форумқа қатысуға шақырды.

Х-В. Зинн Қазақстанда өткізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, «Қазақстан-2050» даму стратериясында мемлекетіміз қойған міндеттер мен мақсаттары міндетті түрде жүзеге асыратынына сенім білдірді.

 

Барлық жаңалықтар