• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық банк 2015 жылы теңге бағамының бірден өзгеріске ұшырауына жол бермейді – Келімбетов

Ұлттық банк 2015 жылы теңге бағамының бірден өзгеріске ұшырауына жол бермейді – Келімбетов

11 Ақпан, 2015 14:47
Ұлттық банк 2015 жылы теңге бағамының бірден өзгеріске ұшырауына жол бермейді, деді Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Ақордадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Ұлттық банк 2015 жылы теңге бағамының бірден өзгеріске ұшырауына жол бермейді. Ол үшін тұрақтылықтың қоры бар. Егер де капиталдың ішкі нарығында өзгерістер болса, біз теңге бағамының құнсыздануына жол бермейміз», - деді Қ.Келімбетов.

Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, 2014 жылы экономика өсімі 4 пайыздан артты, инфлянция 7,4 пайыз дәрежесінде болды. «Жалпы, өткен жылдарда Мемлекет басшысы саясатының арқасында тұрақтылықтың қорын жинау мүмкіндігі туды, ол елдің  100 млрд долларлық алтын қоры. Оның 29,8 млрд доллары – бұл Ұлттық банктің қоры, 70 млрд доллар – Ұлттық қордың қаржысы», - деді ол.

 Жақын арада Ұлттық банк пен Үкімет экономиканы долларсыздандыру бойынша жоспарды мақұлдайды. «Жоспарға нормативтік-құқықтық база өзгертулері мен төлем туралы заң және валюталық реттеу бойынша толықтырулар енгізілетін болады», - деді Келімбетов.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар