• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Бізге жұмыссыздық деңгейінің өсуі мен халықтың шынайы табысының төмендемеуін болдырмау маңызды

Н. Назарбаев: Бізге жұмыссыздық деңгейінің өсуі мен халықтың шынайы табысының төмендемеуін болдырмау маңызды

11 Ақпан, 2015 13:18
Бүгінде бізге жұмыссыздық деңгейінің өсу мен халықтың шынайы табысының төмендемеуін болдырмау маңызды, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Ақордадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Барлық жасайтынымыз - жаңа жұмыс орындары, мен барлық орталық органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрайтыным қай аймақ жаңа жұмыс орындарын ашумен жақсы айналысатынын қадағалау және жеткізу. «Нұрлы жол», «ЭКСПО - 2017», баспана, ТКШ жаңғырту - мұның барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға арналған.  Оның артында қарапайым халыққа қомқорлық көрсету жатыр», - деді Елбасы.

Н. Назарбаев атап өткендей, жұмыс ол әрбір азамат үшін жақсы өмір сүрудің негізгі көзі.

Бұдан басқа, Қазақстан Президенті атап өткендей, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы үлкен жетістікке жетті және оның арқасында мыңдаған қазақстандықтар жұмыс тапты

«Біз өз тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын қатыстырмай-ақ бұл жұмыс орындарын сақтап қалуымыз керек. Оның арқасында 2011-2014 жылдар аралығында 260 мың адам жұмысқа орналастырылды және тағы 120 мыңы оқып білімін арттырды», - деді Елбасы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар