• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә. Исекешев: 2015 жылы 600 млрд теңгеге 75 жаңа өндірісті пайдалануға беру жоспарлануда

Ә. Исекешев: 2015 жылы 600 млрд теңгеге 75 жаңа өндірісті пайдалануға беру жоспарлануда

11 Ақпан, 2015 12:13
Ағымдағы жылы 600 млрд теңгеге 75 жаңа өндірісті пайдалануға беру жоспарлануда, деп мәлімдеді инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешев Ақордадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Ағымдағы жылы  600 млрд теңгеге  7 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 75 жаңа өндірісті пайдалануға беру жоспарлануда», - деп мәлімдеді министр.

Бұдан басқа, Ә. Исекешев хабарлағандай, 2015 жылы 100 өндіріс ошағының құрылысы өз жалғасын табады, олар 2016-2018 жылдар аралығында пайдаланылуға берілуі тиіс және оның ішінде Үкіметтің қадағалауымен жүзеге асырылып жатқан республикалық деңгейдегі 18 жоба бар.

Сонымен қатар, министр түсіндіріп өткендей, құрылыс алаңдарында 45 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар