Қызылордада «Байқоңыр» атты инвестициялық форум өтеді

3 Қазан, 2013 16:51
Қызылордада «Байқоңыр» атты инвестициялық форум өтеді, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл облыста өткізілейін деп отырған 2 форум. Егер де бірінші форум шетелдік инвесторлар мен инновациялық жетістіктер жайлы тәжірибе алмасу тұрғысында өтсе, екінші форумның мақсаты арнайы келісім шарттарға отыру болып табылады. Шара бірнеше жұмадан кейін болады», - деп облыс әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлан Соңғыбайұлы атап өтті.

Форум аясында пленарлы отырыс болады, олар күріш өсіру мен метталлургия саласын дамытуға бағытталған. Оған қоса «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолын қолдану мен дамыту сұрақтары талқыланады.  

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтқандай, «Байқоңыр» инвестициялық форумы аймаққа ауқымды қаржыны тарту және барлық мекеме мен ұйымдар облыстың инвестиция саласын көтеруге қолғабыс көрсетулері тиіс.

 

Барлық жаңалықтар