Қазақстан Үкіметі ел өңірлерінде 17 мың меморандумға қол қойды

11 Ақпан, 2015 11:47
Қазақстан Үкіметі ел өңірлерінде 17 мың меморандумға қол қойды, деді Елбасының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

«Өткен жұмада Үкімет мүшелері елдің барлық өңірлерін аралады, олар 17 мың меморандумға қол қойды. Құжаттар 1 млн адамды жұмыспен қамтуды қарастырады, бұл көрсеткіш елдің экономикалық белсенді халқының 11 пайызын құрайды. Енді аталмыш үдерістің барлық қатысушылары өз міндеттерін орындаулары тиіс. Әкімдерге белгілі тапсырмалар жүктелді, олардың жүзеге асуы бойынша мониторинг жарияланған», - деді бірінші  вице-премьер.

Оның айтуынша, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты қосымша шаралар қолданған жөн. Олардың саны 1,2 млн адамды құрап отыр.

Камила Амирова

 

 

 

Барлық жаңалықтар