• Басты
  • Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» қиын жағдайларда экономика өсімінің негізі болып есептеледі
11 Ақпан, 2015 11:34

Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» қиын жағдайларда экономика өсімінің негізі болып есептеледі

«Нұрлы жол» қиын жағдайларда экономика өсімінің нүктесі болып есептеледі, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» қиын жағдайларда экономика өсімінің негізі  болып есептеледі

«Өткен жылы біршама іс тындырылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы – дағдарысқа қарсы шара. Мен осы жылы қиындықтар туындайды деп айтқан болатынмын. Біз бұл бағдарламаны алдын ала қабылдадық, себебі ол қиын жағдайда экономика өсімінің негізі болады», - деді Елбасы.

«Сондықтан бүгін кеңес тәртібімен отырыс өткіземіз. Осы жерде отырғандардың пікірі, ұсынысы болса айта алады. Сіздердің көзқарастарыңыз бойынша не істеген дұрыс, Үкімет қабылдаған шешім оңтайлы ма», - деді Н.Назарбаев.

Камила Амирова  

Барлық жаңалықтар