• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: 2015 жылы Ақтөбе облысында 15 млрд теңгенің 10 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

ИИДМБ: 2015 жылы Ақтөбе облысында 15 млрд теңгенің 10 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

11 Ақпан, 2015 15:47
2015 жылы Ақтөбе облысында 720 жұмыс орнын құратын 15 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылу жоспарланған.

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, 2014 жылы пайдалануға берілген ірі жобалардың арасында «СНПС-Ақтобемұнайгаз» АҚ-ның үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының 2-ші кезегі, «Ақтөбе Жылыжай» ЖШС-нің жылыжай кешені, «Қазжылуэнергомонтаж» ТС-нің фитингтер мен бұруларды өндіру зауыты, Ақтөбедегі «АРБЗ» ЖШС-нің рельс-арқалық зауыты және т.б. бар.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдарында аймақтағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 32,9 пайызға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі - 35,9 пайызға, соның ішінде тек 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 14,0 пайызға өскен.МҮИИ ДБ-ның аясында енгізілген жаңа инвестициялық жобалардың үлесі 2014 жылы 15 пайызды немесе 181,8 млрд. теңгені құраған.2014 жылы өңірдегі өнеркәсіптің жалпы құрылымындағы өңдеу саласының үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға өсті.

ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының аясында (2015-2019 жылдар) жаңа технологияларды қолдану арқылы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғастырылады.

 

Барлық жаңалықтар