Маңғыстау облысындағы жаңа газ кен орнында 200-ден астам жұмыс орны ашылды

11 Ақпан, 2015 16:03
Маңғыстау облысында «Шағырлы-Шомышты» жаңа газ кен орны пайдаланылуға берілді.

«Бұл кен орнындағы газ минералды тыңайтқыштарды шығаратын ҚазАзот кәсіпорынына жөнелтіледі. Кен орны іске қосылғалы бері 200-ден астам жұмыс орны ашылды, жұмысшылардың 70%  Бейнеу ауданының тұрғыны», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев кенорнының ашылу барысында.

Аймақ әкімдігінің мәлеметі бойынша,  кен орнындағы жұмыс толығымен автоматтандырылған. Оның жүрегі Орталық басқару пунктінің пульті.  Жұмысшылар үшін вахталық ауыл салынған, онда жұмысшылардың жүріп тұруы үшін барлық жағдай жасалған.

«Өндіріліп отырған өнім «ҚазАзот»ЖШС үшін негізгі шикізат көзі ретінде пайдаланылатын болады. Табиғи газбен жобалық тұтыну мен өзіндік қажеттілік 2015 жылы 419,3 млн текше метрге дейін жетеді. Алғашқы жобалық бағалауларға сәйкес жылына 1 млрд текше метрден астам газ өндірілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Хабарланғандай көгілдір отынды Ақтауға дейін тасымалдау «Орта Азия  -  Орталық», «Бейнеу», «Окарем-Бейнеу» газқұбырлары арқылы жүргізіледі.

 «ҚазАзот»ЖШС «Шығырлы-Шомышты филиалының техникалық директоры  Нұртас Ермағанбетовтың айтуынша, кенорнында 4 газжинау пунктісі бар, тағыды біреуін ашу жоспарлануда. «Мұндай бір құрылғы 21 ұңғынамадан табиғи газды жинайтын болады. Болашақта ұңғынамалар саны 100-ге дейін артады. Бұл газдың неігзгі тұтыушылары «ҚазАзот»ЖШС мен жергілікті тұрғындар», - деп толықтырды ол.

Айта кетерлік жайт, «Шағырлы-Шомышты» кенорны 1966 жылы ашылған. Оның жалпы қоры 32,4 млрд текше метр. Ал, газ орнының тереңдігі 300-400 метрдей. Ол ірі үш газ кен орындарының бірі.

Барлық жаңалықтар