Көкшетауда 2014 жылы ҮИИДМБ аясында 3 жоба жүзеге асырылды

11 Ақпан, 2015 11:18
Көкшетауда 2014 жылы 76,7 млрд. теңгенің соммасына өнім өндірілді, деді халық алдындағы есептік кездесуінде Көкшетау қаласының әкімі Е.Б.Маржықпаев.

Индустрияландыру картасы бойынша 2014 жылы 3 жоба жүзеге асырылған: қуаттылығы жылына 50 мың.м2болатын үй құрылысының комбинаты, қуатылығы жылына 40 мың тонна болатын комбикорм зауыты және жоба құны 300 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 60 мың ш.м., жиынтықтық-монолиттік қондырғы.

«Бірқатар кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайтуға қол жеткізген. 2014 жылы 1254 автокөліктің жиналымы жүзеге асырылған, 3 млрд. 316,5 млн. теңгенің полипропилендік бумалары өндірілген, керамикалық кірпіш өндірісінің көлемі 8,7% артқан, «КМЗ «Молоко синегорья» өндірген сүт көлемі   45,6 мың. тоннаны құраған», - деді әкім.

Жалпы өнімнің көлемі 2,3  млрд. теңгені құраған, өнім ФИК-і өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда - 100,1 % құраған.  Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі: ет өнімі 17,6%, сүт өнімі – 7,4%, жұмыртқа –  0,3% өскен.

 

 

Барлық жаңалықтар