• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: БҚО-ның Бурлин ауданында 2,2 млрд теңгенің 13 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

ИИДМБ: БҚО-ның Бурлин ауданында 2,2 млрд теңгенің 13 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

11 Ақпан, 2015 09:41
2014-2015 жылдары ИИДМБ аясында 2,2 млрд теңгеге 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп мәлімдеді БҚО Бурлин ауданының әкімі Марат Түсіпқалиев халықпен кездесу барысында.

Ол атап өткендей, бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 421 жаңа жұмыс орны ашылды. ««2012-2020 жылдары моноқалаларды дамыту» бағдарламалары аясында несиелерді субсидиялауға, мемлекеттік гранттарды бөлу мен жаңа кәсіпорындарды ашуға республикалық бюджеттен 155,8 млн теңге бөлінді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 332,1 млн теңгеге 4 жоба мақұлданды», - деді ол.

М. Түсіпқалиевтің айтуынша, 2014 жылы ауданнның өндірістік кәсіпорындары мен шаруашылық секторы 1473,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Ауыл шаруашылығы саласында 3 млрд теңгеге өнім өндірілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда  11%-ға жоғары. Сонымен қатар, барлық мал басының 4%-ға артқаны байқалды.

«Өткен жылы Ресейден ауданға 80 бас асыл тұқымды ІҚМ алып келінді. 200 бас малы бар тауарлы-сүт фермасы ашылды. Ағымдағы жылы тағы да осындай ферма ашу көзделген. Сондай-ақ, 67 мың гектар алқапқа бидай егіліп, орташа есеппен 13 мың тонна бидай жиналып алынды», - деп толықтырды әкім.

Бүгінде Бұрлы ауданында 4095 жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркелген,  бұл салада 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 

Барлық жаңалықтар