- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамыту үшін 1 млрд теңге бөледі - әкімдік (Фото)
«Даму» қоры кәсіпкерлікті дамыту үшін 1 млрд теңге бөледі - әкімдік (Фото)
Қалалық әкімдік хабарлағандай, аталған келісім бизнес ортаны жақсартуға және елордадағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған шаралардың бірі болып табылады.
«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында биыл шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру үшін қала бюджетінен 500 миллион теңге, ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 1 миллиард теңге бөлініп отыр», - делінген хабарламада.
Астана әкімдігі мен «Даму» қоры арасындағы келісім қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін басым салалар тізіміне енбеген бағыттар бойынша шағын және орта бизнесті несиелеуге бағытталған. Атап айтқанда, қазіргі заманғы сауданы дамыту және франшиза тартуға көмектесу.
Несие бойынша номиналдық сыйақы мөлшерлемесі бір кәсіпкер үшін 7,6% болады. Несиенің ең көп мөлшері бір кәсіпкер үшін 200 млн теңгеге дейін. Сауда саласында кәсіпкерлерді қолдау қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді, франшиза арқылы жаңа брендтер тартады.
Бүгінгі таңда ШОБ қолдау бағдарламасының ешбіріне сауда саласы кірмейтінін ескерсек, қаржыландырудың жаңа бағдарламасы елордалық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инвестициялар тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары