- Басты
- Жаңалықтар
- Оқушылар армия өмірінің бір күнімен танысты (Фото)
Оқушылар армия өмірінің бір күнімен танысты (Фото)
«Жарысқа Семей өңірінің 44 мектебі қатысты. Оқушылар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық басқармасы дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы подполковник Расул Меирмановтың жетекшілігімен нормативтер орындап, Калашников автоматын бөлшектеп, құрастырды, автомат магазиніне оқ толтырып, пневматикалық мылтықтан атты», - делінген хабарламада.
Жаттығулар үшін АК-74 автоматтарын 35411 әскери бөлімі ұсынды. «Менің бала кезімдегі арманым орындалды. Мен әрқашан нағыз әскерде болуды армандағанмын. Ал бұл жерде біз қарудан аттық, нормативтер тапсырдық. Болашақта мен өз өмірімді әскери қызметші болып, Отанымызды қорғау ісімен байланыстыруға тырысамын», - деді 8 сынып оқушысы Жансая Омарова.
Іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Әскери-спорттық жарыстың құрметті қонақтары қатарында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Азамат Мұқатов, ҰОС ардагері Петр Коломин, «Ауғанстан және Семей қ. жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боранбай Бегатовтар болды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды