Қазақстанда жекешелендіру аясында 145 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

10 Ақпан, 2015 14:32
Қазақстанда жекешелендіру аясында 2015 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша 145 нысан сатылды, оның ішінде республикалық меншікте 5 нысан, коммуналдық меншік- 60, ӘКК – 46, холдинг нысаны-34, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Бастапқы 39 568 млн теңгеден сату бағасы 40 447 млн теңгеге жетті. «Қаржы мына тәртіппен орналасты: республикалық бюджет – 336 млн теңге, облыстық бюджет – 691 млн теңге, холдингтер – 36 698 мле теңге, ӘКк – 2722 млн теңге», - деп нақтылады министрлікте.

Республикалық меншікті сатудың 2014-2015 кестесі бойынша жекешелендіруге 34 нысан енеді. 2014 жылдың маусым айы мен 2015 жылдың қаңтар айларында сатылымға 14 нысан қойылды, оның 5-і сатылып, 9 нысан сатылымға қатысу өтінішін бермеген соң жүзеге асырылмады.

Коммуналдық қажеттілік бойынша жекешелендіруге 244 нысан жатады.2014 жылдың маусымы – 2015 жылдың қаңтары бойынша жекешелендіруге 132 нысан жатады. Оның 126-сы сатылымға шығарылып 60 нысан сатылған болатын.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 110 нысанды сату жоспарланған. 2014 жылдың маусымы мен 2014 жылдың қаңтары аралығында 76 нысан жекешелендірілді. Сатылымға 62 нысан шығарылып,  46-сы сатылды, 14 нысан сатылымнан шеттетілді.

Ұлттық компаниялар мен холдингтар бойынша жекешелендірілуге 106 нысан тиесілі. 2014 жылдың маусымы мен 2014 жылдың қаңтары аралығында 65 нысанды сату жоспарланған. Олардың 34 нысаны сатылды.

Барлық жаңалықтар