• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Атырау облысындағы тауарлы сүт фермасы жылына 2880 тонна сүт өнімін өндіреді (Фото)

ИИДМБ: Атырау облысындағы тауарлы сүт фермасы жылына 2880 тонна сүт өнімін өндіреді (Фото)

10 Ақпан, 2015 11:09
Атырау облысының Бейбарыс ауылында ИИДМБ аясында 3,4 млрд теңгенің 500 ІҚМ тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілді.

Фермада сүт цехі, өз өнімдері арқылы  қоректендіру базасы, өндірістің толық қуаттылығына шығатын техника да сатып алынған. Ферманың қуаттылығы  жылына – 1440 тонна сүт пен 2880 тонна сүт өнімі.

Қазіргі таңда ферманы 1000 басқа дейін жеткізу үшін шаралар жүзеге асырылуда. Жобаның құны – 1,9 млрд теңге. Жобада биокешен құрылысын кеңейту бойынша қалдықты жою мен қайта өңдеудің  тәулігіне 18 текше метр қуаттылығына шығу жоспарланған.

Сондай-ақ, испандық компанияның «Eleusis» технологиясы арқылы жасыл қоректендіруді әзірлейтін цехтің құрылысы жоспарланған. «Аталмыш құрылығының мүмкіндігі Атырау облысының климаттық жағдайын ескереді», - деп хабарлады ІСБ.

Айта кетерлігі, өндірісте 80 адам жұмыс істеуде. Жылдық кіріс 874 млн теңгені құрайды.

Барлық жаңалықтар