• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Индустрияландыру картасы бойынша Көкшетауда 19,3 млрд теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылуда

ИИДМБ: Индустрияландыру картасы бойынша Көкшетауда 19,3 млрд теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылуда

10 Ақпан, 2015 10:19
Индустрияландыру картасы бойынша Көкшетау қаласында 19,3 млрд теңгеге 15 жоба жүзеге асырылуда және ол жаңа 400-ден астам жұмыс орнын ашуға септігін тигізді, деп хабарлады қала әкімі Ермек Маржықпаев халықпен есепті кездесуінде.

Ол атап өткендей, 2014 жылы өндірістік өнім көлемі 76,7 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ ол атап өткендей, ағымдағы жылы облыс орталығында 4 жобаны жүзеге асыру жалғасуда. Олар: құны 882 млн теңге болатын және 50 жұмыс орнын ашуға септігін тигізетін болат сүрлемдері мен жеңіл метал конструкция зауыты, құны 3 млрд 375 млн теңге және 232 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы мен коммуналды техниканың қазақстандық-беларустық индустриалды-технологиялық паркі, құны 2 млрд 203,7 млн теңге және 96 жұмыс орнын ашатын комбайндар өндірісімен айналысатын «Вектор» комбайн зауыты» ЖШС, жоғары қысымдағы  жеңдерді өндіретін зауыт - құны 180,7 млн теңге және 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, Көкшетаудың жалпы өнімінің көлемі - 2,3  млрд теңгені, өнімнің ФКИ 2013  жылмен салыстырғанда -  100,1 % құрады.

Барлық жаңалықтар