- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қатар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады
Қазақстан мен Қатар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады
Кездесу барысында Әмірдің әкесі Қазақстан Елшісін оның Қатар Мемлекетіндегі дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстан-Қатар қарым-қатынастарының жоғары әлеуетін атап өтті, деп хабарлады СІМ.
«Шейх Хамад өз елінің Қазақстан Республикасымен жан-жақты байланыстарының дамуы мен күшейуіне үлкен мән беретіндігін атап өтті. Ол өзінің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен өткізген кездесулерін жылы сезіммен еске алаотырып, Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан орасан зор үлесін аса жоғары бағалай келе, Елбасына сәлемі мен жылы лебіздерін жеткізуді сұрай отырып, Дохаға сапармен келуін асыға күтіп отырғандығына назар аударды», - делінген хабарламада.
А.Шоқыбаев Қазақстан тәуелсіздікке ие болғалы бері саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды күшейту, Қатардың Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысуы, қазақстан-қатар үкіметаралық комиссиясының отырысын өткізу, ҚР 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесіретінде сайлануға, Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымының офисын Астанада құру туралыбастамаларына Қатардың қолдау білдіруі, сондай-ақ, Астана қаласында Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнидің атындағы мектеп пен Семей қаласындаРеспубликалық сауықтыру орталықты салу сияқты көкейкесті мәселелер талқыланды.
Жалпы алғанда, Әмірдің әкесі Қазақстан мен Қатар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша барлық бастамаларды қолдайтындығын және оның іске асырылуын өзінің жеке бақылауына алатындығын жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды