• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық Банкінің «Тамғалы Петроглифтері» «Монета жұлдыздары - 2013» халықаралық конкурсында жүлдеге ие болды

Ұлттық Банкінің «Тамғалы Петроглифтері» «Монета жұлдыздары - 2013» халықаралық конкурсында жүлдеге ие болды

3 Қазан, 2013 15:30
2013 жылғы 26 қыркүйекте Мәскеу қаласында «Монета жұлдыздары - 2013» ескерткіш монеталардың жетiншi халықаралық конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марарпаттау рәсiмi өтті. «Монета жұлдыздары-2013» конкурсында «Тамғалы Петроглифтері» «Жыл монетасы» номинациясын жеңіп алды, деп Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық Банкі «Тамғалы Петроглифтері» «Республика мақтанышы»  proof сапасымен 2012 жылы 500 теңгелік монета шыққан болатын.

Сонымен қатар, Ұйымдастыру комитеті Ұлттық Банкке «Республика мақтанышы» монета сериясы үшін арнайы сыйлық ұсынған болатын. Бұл серияға 4 монета: «Байқоңыр», «Тамғалы Петроглифтері» сынды монеталар кірді.

Жеңімпаздар мен дипломанттарды марапаттау рәсімі 2013 жылдың  26 қыркүйегінде өтті.

 

 

Барлық жаңалықтар