• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен В.Путин ЕАЭО аясындағы өзара қарым-қатынас мәселесін талқылады

Н.Назарбаев пен В.Путин ЕАЭО аясындағы өзара қарым-қатынас мәселесін талқылады

9 Ақпан, 2015 18:27
Қазақстан мен Ресей Федерациясының Мемлекет басшылары Н.Назарбаев пен В. Путин телефон арқылы сөйлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

В.Путин өзінің Германия және Франция көшбасшыларымен 6 ақпанда Мәскеуде өткен келіссөздерінің қорытындылары, сонымен қатар «норманд форматында» 8 ақпанда телефон арқылы өткізген келіссөздері жөнінде айтты.

«Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған төртжақты келіссөздер Украина қақтығысын реттеу жолдарын іздестіру ісінде мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекеттер басшылары өзара сауданың ағымдағы мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтеріне өзара тиімді шешімдер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.

Барлық жаңалықтар