• Басты
  • Жаңалықтар
  • Балхаш ауданының өнеркәсіптік өнімінің көлемі 1,2 млрд теңгені құрады – әкім

Балхаш ауданының өнеркәсіптік өнімінің көлемі 1,2 млрд теңгені құрады – әкім

9 Ақпан, 2015 20:24
2014 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 1,2 млрд теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі - 14,03 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Алматы облысы Балхаш ауданының әкімі Бейсеғали Жүнісов жергілікті халықпен есепті кездесуде.

Ол атап өткендей, өткен жылы 2,06 млрд теңге инвестиция тартылды. «Ал, 2015 жылы бірқатар өндіріс ошақтарының ашылуы жоспарланған. Олар биоөнімдерді, құралыс материалдарын, тұзды, шаруашылық және тамақ қалташаларын өндірумен байланысты. Бұл жобалардың барлығын ағымдағы жылы пайдалануға беру көзделген. Ол өз кезегінде тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді ол.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аймаққа іс-сапары аясында элеуметтік-экономикалық деңгейді көтеруді  міндеттеді. Осы бағытта барлығымыз аянбай тер төгуіміз керек. Мен 5 есептік кездесуге қатысуды жоспарлап отырмын, Ақкөл ауданында болып, тұрғындармен кездестім, олармен шешімін таппаған мәселелер бойынша пікір алмасып, нақты тапсырмалар бердім. Осы мақсатпен Балхаш ауданынада келіп отырмын. Нақты жасалынып жатқан жұмыстарды көріп отырмын, алайда шешімін таппаған түйіткілдердің бар екенінде жоққа шығармаймын», - деп атап өтті облыс әкімі  А.Баталов.

Содан соң аймақ басшысы халық тарапынан берілген ұсыныстар мен мәселелерге тоқталды. Жол жөндеу мәселесі бойынша арнайы салалық басқармаға тиісінше тапсырма берілді. Сонымен қатар, өзгеде мәселелер қатаң бақылауға алынатыны айтылды.

Кездесу соңында аймақ басшысы Елбасының «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауындағы міндеттерді іске асыруда негізгі бағыттар бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Барлық жаңалықтар