ҚазМұнайГаз Румыния мен Украинада активтерін жекешелендіруге шығарады

9 Ақпан, 2015 17:13
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Румыния мен Украинада активтерін жекешелендiруге шығаруды ұйғарып отыр. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiмдедi.

«Шетелдегi активтерiмiз айтарлықтай көп емес. Ең iрiсi – KMG International N.V. компаниясы. Оның iшiнде Rompetrol Group N.V. бар. Бұл – Румынияда орналасқан мұнай өңдеу зауыты. Негiзгi бизнеске жататын, мұнай өңдеу мен мұнай өнiмдерiн сату бойынша, бұл активтердi сату жоспарда жоқ. Оны «ҚазМұнайГаз» АҚ сақтап қалмақ ойда», - дейді С.Мыңбаев.

Сондай-ақ, ол KMG International N.V. құрамына кiретiн бiрқатар өзге активтерге тоқталды. Румынияда шағын өндiрушi активімiз, химия өнiмдерiн өндiру, сервистiк қызмет көрсету активтерiмiз бар.

Бұлардың барлығы жекешедендiру бағдарламасы құрамына кiредi. Олар жекешелендiруге берiлмек. Сонымен қатар, Украинада шағын бөлiмшемiз жұмыс істейді. Ол да сатылады. Бұдан басқа, шетелде iрi активтерiмiз жоқ.

 

 

Барлық жаңалықтар