• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да «бұлтты» технология негізінде Ақпарат өңдеу коммуникациясы орталығының таныстырылуы өтеді

ҚР-да «бұлтты» технология негізінде Ақпарат өңдеу коммуникациясы орталығының таныстырылуы өтеді

3 Қазан, 2013 15:11
2013 жылдың 5 қазанында «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-да ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен Ақпарат коммуникация өңдеу орталығының таныстырылуы өтеді, деп хабарлайды Көлік ж»не коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Өңдеу орталығы негізінде «бұлтты» есептеудің концепциясы негізінде құрылған қызметтер көрсетіледі: «бұлтты» қолданыс платформасы, ақпараттарды сақтаудың «бұлтты» жүйесі, ақпараттарды өңдеудің виртуалды резерв орталығы, бизнесті бағдарламамаен  қамтамасыз ету, интерактивті қатынас жүйесі мен ақпарат алмасу, «бұлтты» бейне конференциялық байланыс.

Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеу орталығында қызмет көрсетудің SDP платформасы орналасқан. Ол жаңа АКТ-қызметтерінің құрылуы мен дамуы үшін бизнеске «Қазақтелекомның» барлық инфрақұрылысын қолдануға мүмкіндік береді.

Аталмыш инвестициялық жоба Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «ИТП» АЭА-ды дамыту тапсырмасы аясында және ҚР 2010-2014 жылдарға арналған АКТ дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асты.

 

Барлық жаңалықтар