• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қашағанда құбырлардың ауыстырылуы 2016 жылдың екінші жартысында аяқталады – ҚМГ

Қашағанда құбырлардың ауыстырылуы 2016 жылдың екінші жартысында аяқталады – ҚМГ

9 Ақпан, 2015 16:33
«Қашаған» кен орнындағы жарықшалар анықталған құбырлардың орнына жаңасын салу үрдісі 2016 жылдың екінші жартысында аяқталады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингiнде «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiмдедi.

«D аралынан "Болашақ" кешенiне дейiнгi құбырларды ауыстыру бойынша жұмыстар 2016 жылдың екiншi жартысына дейiн аяқталуы тиiс. Қазiргi уақытта атқарылған жұмыс, жасалған келiсiмдердi ескере келе, менiң түсiнiгiм бойынша, бұл жобаны уақытылы орындауға еш кедергi жоқ», - дедi С.Мыңбаев. 

2016 жылдың екінші  жартыжылдығына дейiнгi уақытта консорциум аталмыш кен орнында мүлiктi түгендеу жұмыстарын да жүргiзбек. 

«Мердiгерлер тарапынан қажеттi шешiмдердiң барлығы қабылданған. Мен бұл ретте алты компанияны айтып отырмын, яғни жоба қатысушыларымен бұл келiсiм мақұлданған. Менiң түсiнуiмше, құбырлардың тартылуы ауқымды жұмыстарды жүргiзудi қажет етедi», - деді ол.

«Жаңа құбырларды тарту бойынша шығындардың республикаға жүктелмейтiнiн айтып кеткiм келедi. Бұл консцориумның шығыны болып табылады және оның орнын республика өндiрiлген мұнай есебiнен жаппайды. Осыған орай консорциум жобаны уақытылы әрi ең төмен шығынмен орындауға мүдделi», - деді С.Мыңбаев.

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар