ҚазМұнайГаз мұнай өндіруінің көлемі 2014 жылы 22,4 мың тоннаны құрады

9 Ақпан, 2015 16:08
2014 жылы мұнай мен мұнай конденсатын өндірудің жинақталған көлемі ҚМГ компаниялар тобы бойынша 22 491 мың тонна құрады, деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.

Табиғи газ өндіру жыл ішіндегі 6 пайыздық өсіммен 4 736 млн. текше метрге  жетті,  2014 жылдың жоспарына қосымша  267 млн. текше метр өндірілді.

«Мұнай тасымалдау. Күреқұбырлар жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі   64 005 мың тонна құрады және жоспармен салыстырғанда 1 пайызға артты. Теңіз бойынша мұнай тасымалдау есепті кезеңде 9 606  мың тонна құрап,  өткен жылдың осы уақыттағы көрсеткішімен салыстырғанда 9 пайызға артты», - делінген хабарламада.

Мұнай өңдеу көлемі 2014 жылы жоспардағы 14 889 мың тонна орнына 14 911 мың тонна құрады.  Шымкент және Павлодар  мұнай өңдеу  зауыттарын қайта құру үшін нақты жұмыстар басталды.

 

Барлық жаңалықтар