Н.Назарбаев мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға қол қойды

9 Ақпан, 2015 15:06
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жастардың мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын, олардың әлеуметтік инфрақұрылымға қол жетімдігін қамтамасыз етуге, жастар саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың жауапкершілігін жоғарылатуға бағытталған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Барлық жаңалықтар