Атырау облысында 34 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді – әкімдік

9 Ақпан, 2015 18:06
2015 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 34 304 бірлікті немесе 2013 жылдың деңгейіне 103,1% құрады, деп хабарлады Атырау облысының әкімдігі.

2014 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 411,7 млрд. теңгені құрады.

«2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға  692,6 млн. теңге бөлініп, игерілді.Облыста бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері 32,1 млрд. теңге несие сомасына 239 жоба мақұлданып, 2 462 жаңа жұмыс орны құрылды.Олардың ішінде, 2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 11,8 млрд. теңге сомасына 56 жоба субсидияланып, 856 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары. Субсидияланған жобалар саны 2013 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты», - делінген хабарламада.

Облыстың ауыл кәсіпкерлерін несиелеу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп келеді. Соңғы екі жылда 457 млн. теңге бөлініп, шағын және орта бизнес субъектілерінің 98 жобасы іске асырылды және  220 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық жаңалықтар