Ақордада ҚР ҚК қауіпсіздігін арттыру мәселесі талқыланды

9 Ақпан, 2015 13:25
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевты және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақовты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы, олардың жауынгерлік қабілетін арттыру, сондай-ақ заманауи әскери техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз етілу мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Президенті елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін және әскери-техникалық ықпалдастықты одан әрі дамыту, әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын ұдайы жетілдіру қажеттілігіне назар аударды», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар