- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды (Фото)
Қызылорда облысында қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды (Фото)
«Елбасымыз еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса мән беріп отыр. Қазіргі таңдағы жағдай біздің жинақы болуымызды және барлық күштерді жұмылдыруымызды талап етеді. Осыдан біраз уақыт бұрын Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша соңғы орында болатын, алайда, қазіргі таңда даму жағынан біз алдыңғы бес көшбасшы аймақтың ішіндеміз. Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, Қызылорда облысында қаржының басым бөлігі әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Біз – маргиналдық жастармен жұмыс жасау бойынша жол картасы жасалып жатқан жалғыз аймақпыз. Мұның қаншалықты күрделі және маңызды мәселе екенін өздеріңіз де білесіздер»,- деді аймақ басшысы.
Отырыс барысында мұнай өндірудің төмендеуіне байланысты қажетті шаралар ұсынылды. Аймақта келешегі мықты газ кендері бар, соларды қолға алу керек. Бұл үшін параметрлік ұңғымалар қондыру керек, қазіргі таңда оларды қондыруға қажетті қосымша қаржыландыру мәселелері шешілуде.
Облыс тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері де талқыланды. «Біз жұмыссыздық деңгейін 5 %-ға дейін төмендете және бірқатар берешек компаниялардан жалақы бойынша қарыздарды өндіріп ала алдық. Алайда, жұмысшылардың өздері де заңды білу жағынан сауаттырақ болып, еңбек шартын жасауды талап етулері қажет», - деп санайды аймақ басшысы.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева және бірқатар әлеуметтік мекемелердің басшылары халықтың әлеуметтік тұрғыда қорғансыз бөлігін қамтамасыз етудің және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың әртүрлі қырлары туралы айтты.
Отырысты қорытындылай келе, әлеуметтік мекемелерге жұмысшылардың құқықтарына қысым жасаудың пайда болуымен күресу және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға барынша қолдау көрсету тапсырылды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет