• Басты
  • Жаңалықтар
  • ДСӘДМ мен Ұлттық палата ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ДСӘДМ мен Ұлттық палата ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

9 Ақпан, 2015 15:37
Ұлттық кәсіпкерлердің палатасы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің бірі денсаулық сақтау саласындағы бизнеске қолайлы жағдай жасау, оның ішінде халықаралық стандарттағы өнімнің сапасы мен технологиялық үдерістердің, нормативтік-құқықтың актілердің жетілуіне бағытталған», - деп хабарлады ҰКП.

Меморандум денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық әлеует өсімін де қарастырады. Проблемалық сұрақтарды шешуге бағытталған ұсыныстар дайындалады.

Сондай-ақ, ынтымақтастық денсаулық сақтау саласы мамандарын дайындау мен олардың біліктілігін арттыру мәселесін қарастырады. Аталмыш келісімнің негізгі пунктісі отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады. 

Барлық жаңалықтар