- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы 1300-ден астам қазақстандық әскери қызметші пәтермен қамтамасыз етіледі – ҚР ҚМ
2015 жылы 1300-ден астам қазақстандық әскери қызметші пәтермен қамтамасыз етіледі – ҚР ҚМ
«Атап айтқанда, тұрғын үймен қамту Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау және Аягөз қалаларында, Гвардейск, Сарыөзек, Б.Момышұлы, Отар, Арнасай, Ақмол ауылдарында құрылыс, күрделі жөндеу мен сатып алу тәсілі арқылы пайдалануға берілетін болады», - делінген хабарламада.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету - қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі. Осылайша әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының өмір сүру деңгейі сапалы түрде жақсарып, әскери қызмет өтеу жерлерінде өмір сүру үшін жайлы жағдайлар жасалған пәтерлерде тұратын болады.
2009-2014 жылдар аралығында Қазақстанның түрлі қалалары мен аумақтарында 6 336 пәтер (оның ішінде, 63 жалға берілген), 273 пәтерлік 201 коттедж пайдалануға берілгендігін айта кеткен жөн.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарына келісімшарт бойынша еңбек өтілі 10 жылға жетпеген әскерилерге қызметтік баспана беріледі немесе баспанамен қамтамасыз етілгенше пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы төленеді. Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігінде қолданыстағы жүйемен қатар кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігінің жеке меншігіне аударылатын жалға пәтерлер алу мәселесі қарастырылуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда