ҮИИДМБ: Ақтау кәсіпорындарында 1,5 мыңдай жұмыс орны ашылды

9 Ақпан, 2015 12:38
2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау кәсіпорындарында 1,5 мыңдай жұмыс орны ашылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі шаһар басшысы Е. Жаңбыршинге сілтеме жасай отырып.

«2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында аумақта 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, оған 79,3 млрд теңге жұмсалды және 1512 жұмыс орны ашылды», - деді Ақтау қаласының әкімі жергілікті тұрғындармен есепті кездесу барысында.

Олардың ішінде 2014 жылы 4 жоба іске қосылды   -  Слайд 15 ,16 «ДИС» ЖШС,  «КИС-Актау» ЖШС «Каспий Тас Жол»ЖШС, «Каспио Пласт»ЖШС. Жалпы жобалық құны 1,8 млрд теңге және 192 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

«Бұдан басқа, қалада көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар атқарылды. № 24, № 25 пен № 27 автожолдары 489,5 млн теңгеге салынды. Ал, қаладағы жаңа шағын аудандарды дамыту шеңберінде 12-ден  19А шағын ауданына дейін ұзындығы 2,3 км және сметалық қуаттылығы 696 млн теңге автожолдың құрылсы басталды», - деп ол хабарлады. 

Барлық жаңалықтар