• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚазАвтоЖол мен Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік меморандумға қол қойды

ҚазАвтоЖол мен Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік меморандумға қол қойды

9 Ақпан, 2015 12:21
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қойылу алдағы уақытта құрылыс жобаларын жүзеге асыру, автокөлік жолдарын жөндеу, қосымша жұмыс орындарын ашу және жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту туралы келісімнің айғағы.

Маңызды құжатқа ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиында қол қойылды, деп хабарлады Ұлттық компания.

Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Uniserv» ЖШС жұмыс орындарын қысқартпау, жұмысшылардың жалақыларын кемітпеу және автокөлік жолдары құрылысының сапасын қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойған болатын.  

Сонымен қатар,  «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС-мен жалпы құны 50 миллион теңгені құрайтын, тағы бір меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес, тараптар ҚР автожол саласының жобалары үшін темір бетон өнімдерін жеткізіп беру туралы келісті.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы төрағасының орынбасарлары апта бойы, Үкімет басшысының орынбасарлары бастаған сапартоптардың құрамында болып, еліміздің аймақтарын аралады. Осы сапарлардың барысында отандық тауарөндірушілерді қолдауға бағытталған, жалпы құны 23 миллиард теңгені құрайтын бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сондай ақ, еліміздің кәсіпорындарындағы жұмысшылардың енбек құқықтарының сақтау туралы келісімшарттар жасалды.   

Барлық жаңалықтар