Павлодар көшелерінде «ақылды аялдамалар» пайда болды

3 Қазан, 2013 14:36
Павлодар қаласының 2 аялдамасы «ақылды аялдама» арнайы ақпараттық қондырғысымен жабдықталды, құрылғының көмегімен жолаушылар автобустардың бағыттарын алдын ала біле алады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаланың 2 аялдамасы «ақылды аялдама» арнайы ақпараттық құрылғысымен жабдықталды.  GPRS навигациялы жүйесінде қоғамдық көліктердің бағыт-бағдары көрсетілген», - деп хабарламада нақтыланған.

Аталмыш қондырғылардың көмегімен жолаушылар өз автобус  бағдарының нөмірі мен автобус аялдамаларының соңғы нүктесінен хабардар бола алады.

Айта кетерлігі, 2013 жылдың соңына дейін ақпараттық тақта тағы 4 аялдамаға орнатылатын болады.

 

Барлық жаңалықтар