- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Чернега: «ВАТРА» украиналық мәдени орталық Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің дамуына лайықты үлесін қосуда
Т.Чернега: «ВАТРА» украиналық мәдени орталық Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің дамуына лайықты үлесін қосуда
««ВАТРА» украиналық мәдени орталығы елордадағы ертеректе құрылған этномәдени орталықтың бірі болып табылады. Ол 1993 жылы желтоқсан айында құрылған болатын, ол кезде біздің қала Ақмола облысының орталығы еді. Ал, 2009 жылы заңды қайта тіркеуден кейін, орталық елордалық болып тіркелді. Жиырма жылдан астам астам уақыт жұмыс барысында Орталықта көптеген жұмыстар жүргізілді. Олардың ішінде бастысы әлемнің барлық украиндері мерекелейтін Шевченко Күндері, ол 9-10 наурызда аталып өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан халқы достығының фестивалі де бар», - деді Т.Чернега.
Оның айтуынша, ұлы ақын және суретші Тарас Шевченконың 200-жылдығын 2014 жылы күллі әлем атап өтті. Ол өз өмірінің он жылын Қазақстанда қуғында өткізді. Қазақ халқы үшін Ұлы Абай қаншалықты бағалы болса, украин халық үшін Тарас Щевченко соншалықты бағалы.
«Мәдениетіміз сақталуда, оған осыған мүдделі бастамашыл этнос өкілдері себепші болуда», - деді Т.Чернега.
««ВАТРА» украиналық мәдени орталығы қызметі негізгі 4 бағытты қамтиды. Біріншісі - украиналық мектеп, екіншісі - көркем өнерпаздық, үшіншісі - көлөнершілер ұжымы, төртіншісі - «Українськi новини» украин тіліндегі апталығының шығарылымы.
«Әр бағыттың ортақ үйіміз Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісімнің дамуына қосып отырған үлесі зор» - деп есептейді Т.Чернега.
Сонымен қатар, ол өз сөзінде Елбасының және Қазақстан халқы Ассамблеясының ролін ерекше атап өтті.
«Елбасы Қазақстан халқы жылын жариялады, бұл жауапкершілігі өте жоғары қадам және оны бізге Мемлекет башысы сеніп тапсырды. Сондықтанда әр этномәдени орталық бұл жылдаң жоғары деңгейде өтуіне аянбай тер төгуі керек. Біз еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін жұмыс істеп жатырмыз, біз біргеміз, әр қайсымыз Отанымыз үшін мақтаныш болуымыз керек», - деп түйді ол.
Айта кетерлік жайт, бүгінде Қазақстанда 300 мыңдай этностық украин өмір сүреді, оның ішінде 13 мыңы Астана тұрғындары.
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі