• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағандының өндірістік мекемелері таза технологияларды енгізу саласындағы жетістіктерін көрсетеді

Қарағандының өндірістік мекемелері таза технологияларды енгізу саласындағы жетістіктерін көрсетеді

3 Қазан, 2013 13:18
4 қазанда Қарағандыда «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен өндірістік мекемелері таза технологияларды енгізу саласындағы жетістіктерін көрсетеді, деп Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен шағын және орта бизнес өкілдері өздерінің таза технологияларды енгізу жөніндегі жетістіктерін көрсететін болады», - делінген хабарламада.

Аймақтық көрмеде жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселесіндегі халықаралық тәжірибелер мен жергілікті компаниялардың тәжірибелерін, өнеркәсіп қалдықтарын басқаруды, ТКШ энергия тиімділігін көтеруді, ауылшаруашылығын тұрақты дамытуды және экожүйені басқаруды зерттеу алаңы ретінде қызмет етеді.

Жиын соңында қатысушылар БҰҰ Даму бағдарламасының Қарағанды іске асырып жатқан ТКШ энергия тиімділігін көтеру жөніндегі пилоттық бағдарламасын барып көреді.

 

Барлық жаңалықтар