• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Сәрінжіпов ЕҰУ басшылығымен ИИДМБ аясында мамандарды даярлау мәселесін қарастырды

А.Сәрінжіпов ЕҰУ басшылығымен ИИДМБ аясында мамандарды даярлау мәселесін қарастырды

9 Ақпан, 2015 09:38
ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Еуразия ұлттық университетінің басшылығымен кездесті.

ЕҰУ хабарлағандай, министрдің келуінің мақсаты индустриалды инновациялық даму мемлекеттік  бағдарламасын (ИИДМ) жүзеге асырумен байланысты.

Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдуында мынадай мәлімдеде жасады: «Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын».

Осы ретте ҚР  БҒМ вице-министрі Тақыр Балықбаев ертеректе мәлімдегендей, Білім және ғылым министрлігі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін бейіндік магистратуралар базасында кадрлар даярлауды қолға алып отыр. Сонымен қатар, ол толықтырып өткендей, Индустриаландыру картасы салалары үшін алғашқы кадрлар 2017 жылы дайын болады.

Кездесуде университет ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықов оқу орнының алдында тұрған негізгі Стратегиялық бағыттар мен еліміздегі Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жөнінде кеңінен айтып өтті. 

Аталып өткендей, оған магистранттар мен докторанттар кеңістігін кеңейту, екі дипломды білім беру жүйесін дамыту мен доктарантурадан кейінгі бағдарламаларды ашу кіреді. 

Барлық жаңалықтар