Жамбыл облысында 2015 жылы 21 жергілікті пункт газдандырылады – әкімдік

9 Ақпан, 2015 09:23
Ағымдағы жылдың аяғына дейін 21 елді мекенді газдандыру жоспарлануда.

Есепті жылы республикалық бюджеттен Меркі ауданының 10 елді мекеніне жоғарғы қысымды газ желісін тартуға 450,0 млн. теңге және жобаны қолдауға жергілікті бюджеттен 55,5 млн. теңге бөлінген. 2014 жылы 4 елді мекеннің құрылыс жұмыстары аяқталды, қалған 5 елді мекенде  жұмыстар жүргізілуде.  2014 жылы ҚР Энергетика министрлігінен 21 елді мекенді газдандыруға 2,5 млрд. теңге қарастырылған (Қордай ауданында 14 елді мекен,  Жамбыл ауданында 13 елді мекен, Талас және Жуалы аудандарындағы өтпелі жобалар).    

Талас ауданының Ақкөл ауылы арқылы Қаратау АГТС-нан Сарысу ауданының Саудакент ауылы мен Жаңатас қаласына дейін жоғары қысымды таратушы газ құбырын салу,  Шу ауданының 22 елді мекенін газдандыру бойынша тиісті құжаттар ҚР Энергетика министрлігіне жолданды. Сондай-ақ,   Меркі ауданының Арал Қышлақ, Қазақ Дихан ауылдарындағы тұрғын үйлер  мен Меркі ауылындағы Есімбеков көшесіне орта қысымды газ желілері жүргізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Тараз қаласы «Арай» алқабындағы тұрғын үйлерді газдандыруға 260,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары басталды, ағымдағы жылға республикалық бюджеттен қосымша 760,6 млн. теңге қарастырылған. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Байзақ ауданының 22 елді мекенін  және Т.Рысқұлов ауданындағы 10 елді мекенді газдандыруға және Ақыртөбе ауылында жаңа АГТС станциясын салуға ТЭН дайындалуда.

Барлық жаңалықтар