• Басты
  • Астанада бастауыш партия ұйымдарының жетекшілеріне арналған тренингтер өтті

Астанада бастауыш партия ұйымдарының жетекшілеріне арналған тренингтер өтті

7 Ақпан, 2015 14:27
Астанада «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі ұйымдастырған астаналық бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері үшін екі күндік тренинг аяқталды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы.

«Бастауыштардың» жетекшілері шешендік шеберлік, келіссөз жүргізу, пікірталас, аудитория алдында сөйлеудің құпиялары туралы білді.

Тренинге қатысушылардың бәрі де тап осындай іс-шаралар өте тиімді және қажет деген тоқтамға келіп, ол жүйелі негізде жүргізіліп тұрса деген тілектерін білдірді.

«Тренингті ұйымдастырғаны үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді. Екі күндік семинар тиімді болды, ал тренерлер өз ісінің нағыз мамандары. Тап осындай тренингтер тұрғындармен жұмыс істейтін біздерге өте қажет. Бұл пікір, тәжірибе алмасу, жаңа білім мен икемді игеру», - деп атап өтті Республикалық әйелдер кеңесінің төрайымы Ханзада Балтаева. 

Өз кезегінде «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ базасындағы  БПҰ –ның жетекшісі Шолпан Бөлекбаева тап осындай тренингтерді, әсіресе, өңірлердегі партиялықтар үшін жүйелі негізде өткізіп тұру керек екеніне тоқталды.   

«Бізге айтып берген икемдер, бізге берген білімдерге баға жетпейді. Аудитория алдында қалай тиімді және табысты сөйлеу керек, әңгімені қалай дұрыс құру қажет, мұндай білімдер мектеп пен институттарда берілмейді. Мен ұйымдастырушыларға дән ризамын, өйткені бүгінгі күн – білімнің уақыты.  Профессор бола жүріп мен көптеген тренингтер мен курстардан өттім, солардың ішіндегі мен үшін ең қызықтысы және пайдалысы осы болды. Өңірлердегі әріптестерім үшін де ол өте қажет деп ойлаймын», - деді Шолпан Бөлекбаева. 

Барлық жаңалықтар