- Басты
- Жаңалықтар
- 40-астам әскери қызметші қыздар «Батыр арулар» байқауына қатысуға ниет білдірді (Фото)
40-астам әскери қызметші қыздар «Батыр арулар» байқауына қатысуға ниет білдірді (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, осы орайда, аталған сайысқа қатысуға ниет білдірген 55765 әскери бөлімі фельдъегерлік пошта байланысы қызметінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Айдай Үсенова байқау қарсаңындағы өз ойларымен бөлісті. «Осындай байқау ҚР Қарулы Күштерінде тұңғыш рет өтіп жатыр. Сондықтан да аталған сайысқа қатысу мен үшін және менің әріптестерім үшін қызықты деп санаймын.
Әрине, менің де 12 үздік қатысушының қатарында болғым келеді. Алайда «Батыр арулар» байқауына қатысқанымның өзі жетістік ретінде көпке дейін көкейімде жүреді», - дейді Айдай. Сауалнама-өтінімдер 2015 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Жинақталған байқауға қатысушылардың суреттері мен жеке сауалнамалық мәліметтері ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланады.
Интернет арқылы дауыс берудің басталғаны туралы ресми хабарланғаннан кейін азаматтар өз дауысын ұнаған қатысушыға бере алады. Қорытындысында ең көп дауыс жинаған 12 қатысушы анықталып, іріктеледі. Жеңімпаздардың қатысуымен кәсіби фотосессия ұйымдастырылып, фотолар 2015-2016 жылдарға арналған арнайы күнтізбеге басылып шығарылады. Ал күнтізбелер өз кезегінде ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне таратылатын болады.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Өзгерген әлемдегі құндылықтар бәйгесі -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева -
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»