• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан мен Литваның өзара қатынастарын кеңейту мәселесі талқыланды

Астанада Қазақстан мен Литваның өзара қатынастарын кеңейту мәселесі талқыланды

6 Ақпан, 2015 19:38
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Витаутас Наудужасты оның өтініші бойынша қабылдады.Кездесуде екі ел арасындағы өзара қатынастарды, оның ішінде парламентаралық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Елші Литва Украин шиеленісіне, терроризммен күреске, қақтығыс аймақтарындағы бейбіт тұрғындарды қорғауға,  жаһандық қауіпсіздікті және адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады Сенат.

Одан басқа, Елші комитет төрағасы И.Адырбековтің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының биылғы ақпандағы Венадағы 14-ші Қысқы сессиясына қатысуы және Қазақстан Республикасының Президентінің Арнаулы уәкілі ретінде 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жөнінде Балтық елдеріне жұмыс бабындағы сапарының маңыздылығын атап өтті. Ол сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.Сонымен бірге тараптар жүздесу барысында халықаралық ынтымақтастық саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады.

 

 

Барлық жаңалықтар